"Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат" кешені" мемлекеттік мекемесі
Базалық балалар музыкалық тәжірибе мектебі


muscomplexpavl.kz қайтып келу

Музыкалық колледж оқушыларының тәжірибелік оқуы.

  • Category: Тәжірибе
  • Published on Thursday, 05 March 2020 05:47
  • Written by Administrator
  • Hits: 419

Базалық балалар музыка тәжірибе мектебінің миссиясы – болашақ педагогтардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін құраушы ретінде колледж студенттерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту жағдайларын жасау; оқушылардың кәсіби бағдарына бағытталған бастапқы музыкалық білім беру, шығармашылық әлеуетін, орындаушылық шеберлігін дамыту .


Музыкалық колледж студенттерінің тәжірибелік оқытуы
Кәсіптік тәжірибе мамандықтар мен біліктілікке сәйкес оқу жұмыс бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарларымен белгіленген. Кәсіптік тәжірибенің әрбір түрі кәсіптік тәжірибенің тиісті базасы анықталатын мақсаттар, міндеттер мен бағдарламаға ие. Музыкалық колледж студенттерінің кәсіптік тәжірибесі теориялық білімді, іскерлікті бекітуге, болашақ кәсіби қызметімен байланысты тәжірибелік дағдылар мен құзыреттілікті меңгеруге және дамытуға бағытталған, музыкалық оқытудың қазіргі заманғы әдістемесін меңгерген студенттердің теориялық және тәжірибелік дайындығы арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз етуге, оларға балалармен алғашқы жұмыс тәжірибесін беруге, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған.
Колледж мамандықтары бойынша кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру және өткізу мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға және ҚР техникалық және кәсіптік білім берудің Типтік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Кәсіптік тәжірибе мамандыққа сәйкес тәжірибе бағдарламалары негізінде жүргізіледі. Тәжірибенің өту мерзімі мен ұзақтығын колледж оқу процесінің жоспары мен кестесіне сәйкес белгілейді.
Кәсіптік тәжірибе білім алушы мамандығының тиісті бейіндегі ұйымдарда өткізіледі. Тәжірибелік оқыту барысында 2-4 курс студенттері барлық оқу кезеңінде біліктілік пен оқу процесінің кестесіне сәйкес барлық талап етілетін тәжірибе түрлерінен өтеді.
Тәжірибе колледж мамандықтарының бейіні бойынша жұмыс берушілердің ұйымдарымен келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады.
Кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру және өткізу үшін колледж материалдық базасы болашақ мамандардың біліктілік сипаттамаларының талаптарын орындаумен өткізуге мүмкіндік беретін кәсіпорындармен шарт жасасады.
1. 0404000 – «Аспаптық орындаушылық және музыкалық өнер эстрадасы» мамандығы бойынша: мамандандыру 040401 3 фортепиано, біліктілігі 040401 3-Балалар музыка мектебінің оқытушысы, концертмейстер;
2. 1) мамандандыру 040402 3-1 үрмелі және соқпалы аспаптар, біліктілігі 040402 3-1 – Балалар музыка мектебінің оқытушысы, оркестр, ансамбль әртісі (жетекшісі);
3. 2) 040402 3-2 Ішекті аспаптар, біліктілігі 040402 3-2 – Балалар музыка мектебінің оқытушысы, оркестр, ансамбль әртісі (жетекшісі);
4. 3) 040403 3 халық аспаптары, біліктілігі 040403 3 – Балалар музыка мектебінің оқытушысы, оркестр, ансамбль әртісі (басшы) ;
5. 4) 040404 3 эстрадалық аспаптар, біліктілігі 040404 3 – Балалар музыка мектебінің оқытушысы, эстрадалық аспаптар оркестрінің әртісі (жетекшісі).
1. Орындаушылық тәжірибе
2. Педагогикалық тәжірибе
0405000 «Хор дирижеры» мамандығы бойынша, біліктілігі 040501 3 -Оқытушы, хормейстер:
1. Мектеп тәжірибесі
2. Хор практикасы
0406000 «Музыка теориясы» мамандығы бойынша, біліктілігі 040601 3-Балалар музыка мектебінің оқытушысы:
1. фольклорлық-этнографиялық тәжірибе
2. лекторлық тәжірибе
3. сольфеджио оқыту тәжірибесі
4. музыкалық әдебиетті оқыту тәжірибесі
0407000 «Ән салу» мамандығы бойынша:
1) біліктілігі 040701 3 - Балалар музыка мектебінің оқытушысы, академиялық ән айту әртісі, ансамбль солисі,
2) біліктілігі 040702 3 - Балалар музыка мектебінің оқытушысы, домбырамен халықтық ән айту әртісі,
3) біліктілігі 040703 3 – Балалар музыка мектебінің оқытушысы, эстрадалық ән айту әртісі.
1. орындаушылық тәжірибе
2. педагогикалық тәжірибе
0108000 – «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша:
1. сыныптан тыс жұмыс тәжірибесі
2. хор
3. балабақшадағы сынау сабақтары
4. мектептегі сынақ сабақтары
5. жазғы тәжірибеге дайындық
6. жазғы тәжірибе
7. хор үйірмесіндегі жетекшілік
8. дипломалды
Білім алушылар тәжірибе алдында бағдарламалар, жеке тапсырмалар алады. Оқушылар тәжірибеден сәтті өту үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар жүргізіледі, бұл ретте олар ҚТ жөніндегі журналдарда ресімделеді. Білім алушыларды тәжірибеге жіберу практикадан өту мерзімі және колледжден тәжірибе жетекшілерін тағайындау көрсетілген бұйрықтар негізінде жүзеге асырылады.
Тәжірибенің өтуін бақылауды директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары және колледж басшысының бұйрығымен тағайындалатын тәжірибе жетекшісі жүзеге асырады.

Калькулятор расчета монолитного плитного фундамента тут obystroy.com
Как снять комнату в коммунальной квартире здесь
Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru